1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қ. №1 арнайы мектеп-интернаты» кмм. Заңды мекенжайы: Көкшетау қаласы, Юбилей мөлтекауданы, 75.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қ. №1 арнайы мектеп-интернаты» кмм 4 қызмет түрін көрсетеді.
2023 жылы Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қ. №1 арнайы мектеп-интернаты» кмм 75 қызмет көрсетті;
Оның ішінде:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы– қызмет көрсетілген жоқ;
электрондық нұсқада– қызмет көрсетілген жоқ;
қағаз түрінде– 75 қызмет.
- «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына (арнайы топтар/сыныптар) қабылдау»- 54 қызмет;
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» - 20 қызмет;
- «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» - 1 қызмет;
- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» - қызмет берілген жоқ.
Ескерту: «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына (арнайы топтар/сыныптар) қабылдау» қызметі бойынша қыркүйек айында адресаттың (басқа мектеп) қате болуына байланысты 1 мемлекеттік қызмет көрсетуде бас тарту болды.
2022 жылы 90 қызмет көрсетілді;
Оның ішінде:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы– қызмет берілген жоқ;
электрондық нұсқада– 5 қызмет;
қағаз түрінде– 85 қызмет.
- «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына (арнайы топтар/сыныптар) қабылдау»- 78 қызмет;
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» - 10 қызмет;
- «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» - 2 қызмет;
- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» - қызмет берілген жоқ.
Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қ. №1 арнайы мектеп-интернаты» кмм сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
- «арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына (арнайы топтар/сыныптар) қабылдау»; (2022 жылы 78 қызмет, 2023 жылы 54 қызмет)
- «бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» (2022 жылы 10 қызмет, 2023 жылы 20 қызмет).
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://sc0028.kokshetau.aqmoedu.kz/ білім басқармасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Едендік 2 баннер және картридер құрылғысы бар.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілердің жобаларын талқылау мектептің педагогикалық кеңестерінде және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2023 жылдың 21 ақпанында меткептің ресми сайтында және Instagram парақшасында тақырыбы: «Мемлекеттік қызмет көрсету нысандары мен әдістері» атты 1 мақала жарияланды.
2023 жылдың 20 наурызында «Онлайн режимде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің артықшылықтары» тақырыбында шағын семинар өтті.
2023 жылғы 29 наурызда «Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері» тақырыбында тікелей эфир өтті.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
2020 жылдан бастап Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қ. №1 арнайы мектеп-интернаты» кмм Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 1 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қ. №1 арнайы мектеп-интернаты» кмм мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызметкер көрсетеді, 2021 жылдың қазан айында бір қызметкер мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыру курсынан өтті.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар және мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу бойынша фактілер анықталған жоқ.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
2024 жылы Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қ. №1 арнайы мектеп-интернаты» кмм жеке тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.